Түркияда зілзаладан қайтыс болғандар саны 29 мыңнан асты

Түркияда зілзаладан қайтыс болғандар саны 29 мыңнан асты

Түркияда зілзаладан қайтыс болғандар саны 29 мыңнан асты
ашық дереккөзі
Түркияда жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар саны 29 605 адамға жетті деп хабарлады turkystan.kz. Жер сілкінісі болған аймақтан 147 934 адам басқа провинцияға эвакуацияланды. Сондай-ақ басқа елдерден келген 9 369 адам төтенше жағдай орнына жіберілді. Айта кетейік, Түркияда жер сілкінісі болған аймақтарда 13,5 млн адам тұрады. Бұған дейін Түркия президенті жер сілкінісі салдарынан үйінен айырылған азаматтарға бір жыл ішінде 3-4 қабатты үй салу жоспарда бар екенін айтты.