Жаңалықтар

Алматыда хабар-ошарсыз кеткен екі адам өлі табылды

ашық дереккөзі

Алматыда хабар-ошарсыз кеткен екі адам өлі табылды

Алматыда жоғалып кеткен ер адам мен әйел өлі күйінде табылды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. LIDER.KZ әлеуметтік желісінің мәліметінше, олардың қалай қайтыс болғаны жайлы нақты ақпарат жоқ. 1969 жылы туған Козлова Лариса Юрьевна 6 ақпанда хабар-ошарсыз кеткен. Ол Іле ауданы, Покровка ауылы, Алматы көшесі, 65-үй мекенжайындағы үйден шығып, жоғалып кеткен. 11 ақпанда өлі күйінде табылды. 1981 жылы туған Эллада Атилла 11 ақпанда Алматыда жоғалып кетті. Ер адам Медеу ауданы, Кутузов көшесі, 67-үй мекенжайындағы үйден шыққан. Келесі күні денесі табылды.