Түркияның Қазақстандағы елшілігі халыққа үндеу жасады
Түркияның Қазақстандағы елшілігі халыққа үндеу жасады
Түркияның Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жолдады. Елшілік Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қажетті заттардың тізімін атады деп хабарлады turkystan.kz.
«Жер сілкінісінен кейінгі бірінші кезектегі қажеттіліктер мен логистикалық мүмкіндіктерге байланысты, біздің елшілікке / Бас консулдыққа көрсетілетін көмек тек төменде келтірілген материалдармен шектелсе деген өтінішіміз бар», - делінген хабарламада.
Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін келесі заттар қажет:
шатырлар,
генераторлар,
жылытқыштар,
көрпелер
ұйықтайтын сөмкелер.
Көмекті Астана қаласы, Жұмабек Тәшенов көшесі, 3 мекенжайы бойынша ҚР-дағы Түркия елшілігіне, сондай-ақ Алматы қаласы, Төле би көшесі, 29 мекенжайы бойынша Түркияның Алматыдағы Бас консулдығына апаруға болады.