Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы эстафетадан чемпион атанды

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы эстафетадан чемпион атанды

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы эстафетадан чемпион атанды
ашық дереккөзі
Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті деп хабарлады turkystan.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап. Қазақстан ерлер құрамасы эстафеталық жарыста үздік шықты. Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Вячеслав Земс пен Михаил Литвин 3:09.15 секунд нәтижесімен ел рекордын тіркеді. Күміс жүлде Қатар командасына (3:09.26), қола Тәжікстан құрамасына бұйырды. Қазіргі кезде ұлттық құрама қоржынында 4 алтын, 3 күміс пен 2 қола бар.