Түркияда университеттер қашықтан оқу форматына көше ме?

Түркияда университеттер қашықтан оқу форматына көше ме?

Түркияда университеттер қашықтан оқу форматына көше ме?
ашық дереккөзі

Түркия президенті Эрдоған елдегі жойқын зілзаладан кейін жоғары оқу орындары толықтай онлайн режимге көшетінін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Диярбакыр провинциясында болып, жұртшылықпен кездесу кезінде Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган жоғары оқу орындары толықтай онлайн режимге көшетінін жеткізді. Оның айтуынша мемлекет балансындағы барлық жатақханаларға зілзаладан зардап шеккендер уақытша орналастырылады.

Режеп Тайип Ердоған мемлекеттің табиғат апатынан зардап шеккен адамдардың барлығына көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Ол апат аймағындағы ел тұрғындарын зілзаланың салдарымен күресте мемлекетке сенім артуға шақырды.