Жаңалықтар

Премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен кетті

ашық дереккөзі

Премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен кетті

Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен кетті. Ақпаратты үкіметтің баспасөз қызметі растады. Ол 2022 жылдың желтоқсанында қызметінен босатылған, бірақ бұл туралы енді ғана белгілі болды. 2007-2010 жылдары Марат Бекетаев Әділет вице-министрі қызметін атқарған. 2010-2015 жылдары Әділет министрлігінің жауапты хатшысы болды. 2015 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы қыркүйекке дейін – Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2016-2022 жылдары Әділет министрі болды.