Жеңіл атлетикадан АЧ: ел қоржыны үш медальмен толықты

Жеңіл атлетикадан АЧ: ел қоржыны үш медальмен толықты

Жеңіл атлетикадан АЧ: ел қоржыны үш медальмен толықты
ашық дереккөзі

Астанада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында биіктікке секіру дисциплинасында барлық жүлдені қазақстандық спортшылар иеленді деп хабарлады turkystan.kz.

Мұндай жағдай құрлықтық дода тарихында алғаш рет тіркелді.

Биіктікке секіруде медальдардың барлық үш жиынтығын жеңіп алған қазақстандық қыздар: «Алтынды» Надежда Дубовицкая (көрсеткіші - 1.89), «күмісті» Кристина Овчинникова (1.89), «қоланы» Елизавета Матвеева (1.84 сантиметр) иеленді.

Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде бар.

Бұған дейін ел құрамасынан Каролин Чепкоеч 3000 метрге жүгіруден мәре сызығын бірінші болып қиса, Элина Михина әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде топ жарды.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Qazaq Athletics 🇰🇿 (@qazathletics)