Жаңалықтар

Түркияда үйінді астында 116 сағат жатқан адам құтқарылды

ашық дереккөзі

Түркияда үйінді астында 116 сағат жатқан адам құтқарылды

Түркиядағы Кахраманмараш қаласында үйінді астынан 116 сағат жатқан тағы бір адам құтқарылды деп хабарлады turkystan.kz.

Жиырма жастағы жасөспірім жер сілкінісінен кейін қираған үйдің астында бес күн жатқан.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 19 388 адамға жетті. Сондай-ақ адамның зардап шеккендер саны 77 711.

Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді.

Еске салсақ, қазақстандықтар Түркия халқына көмек ретінде 100-ге жуық кигіз үй жіберді.

Қазақстан Үкіметі Түркияға гуманитарлық көмек ретінде 1 млн доллар бөлді.

Сондай-ақ Kaspi.kz қосымшасы арқылы Түркияда зардап шеккендерге қаражат аударуға болады.