Қазақстанда 3,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Қазақстанда 3,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 10 ақпан күні Алматы уақытымен 20 сағат 21 минутта жер сілкінісін тіркеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 259 км қашықтықта Қазақстан аумағында жатыр. Энергетикалық класы - 7.1. Магнитудасы - 3.7 MPV. Бағыты ошағынан 44.63° с.е. 79.47° ш.б. жатыр, тереңдігі - 10 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.
Бүгін қазақстандық сейсмологтар Қазақстан мен Ресей шекарасында 4,4 балдық жерасты дүмпулерін тіркеді. Сондай-ақ Алматы маңында, Қырғызстан аумағында екі рет жер сілкінді.