Астанада көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілуі мүмкін
Астанада автомобильдердің қоғамдық көлікке арналған жолақта жүру мүмкіндігі қарастырылып жатыр деп хабарлады turkystan.kz қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.
Елордада осы мәселені шешу бойынша онлайн дауыс беру басталды, ол 2023 жылғы 10-27 ақпан аралығында жалғасады. Пилоттық жоба Абылай хан даңғылында А.Пушкин-Манас көшесі аралығына дейін енгізілді. Бұл көшелерде қарбалас уақыттан тыс уақытта және демалыс күндері қарапайым көліктердің жүруіне болады.
Ал таңертеңгі сағат 07.30-дан 9.30-ға дейін және кешкі сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін автобус жолағымен жүруге тыйым салады. Астаналықтар мына
сілтемеде онлайн дауыс бере алады.