Жаңалықтар

Ольга Сафронова Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

ашық дереккөзі

Ольга Сафронова Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Астана қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында 60 метрге жүгіруде қазақстандық Ольга Сафронова күміс жүлде жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz. Ол бұл қашықтықты 7.32 секундта жүгіріп өтті. Ирандық спортшы Фарзане Фасихи 7.28 секунд нәтижесімен қарсылас шақ келтірмесе, индонезиялық Валентин Ванеза 3-орын (7.37 секунд) иеленді. Бұл Қазақстан қоржынына түскен 2-медаль. Сәл ертеректе Каролин Чепкоеч Кипкируи 3 мың метрге жүгіруде чемпион атанған.