Жаңалықтар

Елордада жаңа мешіт ашылды

ашық дереккөзі

Елордада жаңа мешіт ашылды

Бүгін Астана қаласында жаңадан салынған мешіттің ашылу салтанаты өтті. Игі іс-шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты деп хабарлады turkystan.kz. Өз кезегінде ҚМДБ Төрағасы мешітті халықтың игілігіне берген азаматтарға ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ жаңа мешіттің ашылу салтанатында мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақсақалдар сөз сөйлеп, бата берді. Мешітке Бас мүфти бұйрығымен елорда жамағатына жақсы таныс дін қызметкері Бағдат Абдулкаримов тағайындалды. Бұған дейін «әл-Ғани» мешітінде қызмет еткен имамды жұма намазына жиналған жамағатқа ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы таныстырып, еңбегіне береке тіледі. Айта кетейік, Астана төрінде ел игілігіне берілген он бесінші мешітте 500 адам еркін ғибадатын өтей алады. «Әл-Фаттах» мешітінде намаз залынан бөлек, дәрісхана, имамдар бөлмесі мен Құран оқу бөлмесі, ерлер және әйелдер дәретханасымен қамтылған.