Жаңалықтар

Павлодар тұрғыны «көріпкелге» 119 миллион теңге берген

ашық дереккөзі

Павлодар тұрғыны «көріпкелге» 119 миллион теңге берген

Іс алаяқтық, алдау арқылы аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша қаралды деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Павлодар қаласы №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, емші  әйел адамды  дәстүрлі емес емдеу және тылсым күшке ие екеніне сендірген.  Оған отбасындағы қарым-қатынасты, балалардың денсаулығын нығайту және  бизнесінің гүлденуі үшін оккультизм саласында арнайы рәсімдерді өткізгені үшін жалпы сомасы 119 млн 480 мың теңге қаражатты иемденген. Алаяқтық жасаған адамның кінәсі жиналған дәлелдемелермен, жәбірленуші мен куәлардың айғақтарымен дәлелденді. Алайда, сотталушы кінәсін мойындамады. «Кәмелетке толмаған балаларының барын ескеріп, сот оны 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды», – деді қалалық сотта. Жәбірленушінің пайдасына қарай азаматтық талап бойынша сотталушының заңды өкілінен 119 млн 480 мың теңге мүліктік залал өндірді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.