Жаңалықтар

Бақытжан Сағынтаев нидерландылық әріптесімен сөйлесті

ашық дереккөзі

Бақытжан Сағынтаев нидерландылық әріптесімен сөйлесті

Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев нидерландылық тараптың бастамасымен Нидерланды премьер-министрі Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті. Сұхбат барысында екіжақты сау­да-экономикалық қарым-қатынасты дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ биыл маусым айында Астанада өте­тін Қазақстан – Нидерланды Іс­кер­лік кеңесінің үшінші отырысына дайын­дық мәселелері қарастырыл-ды. Екі елдің премьер-министрлері со­нымен қатар энергетика, ауыл шаруа­шылығы, көлік және транзит, ғы­лым және жаңа технологиялар са­ласындағы ынтымақтастық әлеуетін талқылады. Бақытжан Сағынтаев жетекші ни­дерландылық компанияларды Қа­зақстанның индустриялық-ин­но­вациялық және инфрақұрылымдық даму бағдарламаларын іске асыру жұ­мыстарына қатысуға шақырды. Марк Рютте «ЭКСПО – 2017» көр­ме­сі­не Нидерландының ұлт­тық пави­льо­­ны қойылатынын, оған дайын­дық­ты аяқ­тап қал­ғанын айтты. Ни­дер­лан­ды­ның ұлттық күніне қа­тысу үшін ЭКСПО-ға осы елдің ресми делега­ция­­­сы келеді деп жоспарлануда. Айта кетейік,Нидерланды – Қа­зақстанның басты инвесторларының (ТШИ көлемі – шамамен 60 млрд доллар) және ЕО елдері арасындағы не­гізгі сауда серіктестерінің бірі (2016 жыл­ғы сыртқы сауда айналымы – 3 млрд доллардан астам).