«7-20-25» бағдарламасының қашанға дейін жалғасатыны белгілі болды

«7-20-25» бағдарламасының қашанға дейін жалғасатыны белгілі болды

«7-20-25» бағдарламасының қашанға дейін жалғасатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында «7-20-25» бағдарламасы туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«2021 жылы 7 бағдарламаның 5-ін қаржыландыру тоқтатылды. Аяқталған бағдарламалардың бюджеті 2,6 трлн теңге құрды. Болашақта тағы 2 бағдарлама аяқталады деп күтілуде, олар «7-20-25» бағдарламасы және импортты алмастыруға және жаңа өндірістер құруға бағытталған «Қарапайым заттар экономикасы». Алайда түрлі жағдайлар ескеріліп, бағдарлама 2023 жылдың соңына дейін жұмыс істейді», - делінген Ғалымжан Пірматовтың жауабында.
Осы жауапқа орай, ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық банкке хабарласып, «7-20-25» бағдарламасының нақты қай уақытқа дейін жалғасатынын сұрады. Банктің хабарлауынша, мемлекеттік «7-20-25» бағдарламасы 2029 жылға дейін жалғаспақ. Жалпы, Ұлттық банк болашақта мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үлесін төмендетпек.
«2021 жылы 7 бағдарламаның 5-ін қаржыландыру тоқтатылды. Аяқталған бағдарламалардың бюджеті 2,6 трлн теңге құрды» деп жазды Ғалымжан Пірматов.