Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді

ашық дереккөзі

Қазақстандық боксшы қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді

Қазақстандық Айбек Оралбай Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде ширек финалдық айқасын өткізді деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 92 келідегі қазақстандық боксшының қарсыласы германиялық Александр Окафор болды. Ол бірінші раундта-ақ қарсыласын есеңгіретіп, кейін ауыр нокаутқа түсірді. Айбек бұған дейінгі қарсыласы литвалық Симонас Урбонавичюсті де үш рет нокдаунға түсірген болатын. Осылайша, ол Иштван Бочкай мемориалының жартылай финалына шығып, кемі қола жүлдеге ілініп отыр.