Баға бағдарламаға бағына ма?

Баға бағдарламаға бағына ма?

Баға бағдарламаға бағына ма?
ашық дереккөзі
Инфляция деңгейіне қатысты соңғы ресми мәліметтер қымбатшылықтың әлі де қарқыны қатты екенін айтады. Дүкендер мен сауда орындарындағы баға бұл сөзімізді сөзсіз растайды. Статистика бюросы орташа айлық жалақыға қатысты да мәліметтерін жаңартты: жалақы мөлшері өскен, бірақ шын мәнінде кеміген. Одан бөлек, өткен аптада табысының ең көп бөлігін тамаққа жұмсайтын әлемнің ең нашар 10 елінің қатарындамыз деп тағы бір дүрліктік. Жағдайымыз соншалықты нашар ма? Жалпы қымбатшылық был­тыр әлем­ді түгел алаң­дат­ты. БҰҰ-ның азық-түлік және ша­руашылық ұйы­мы­ның (FAO) мә­лі­мет­тері бойынша, былтыр әлемде азық-түлік ба­ғасы рекордтық дең­гейі тіркел­ген. Азық-түлік ба­ғалары ин­дексінің орташа мәні бірден 18 пунктке көтерілген. Дегенмен FAO қаңтар айында азық-түлік баға­сының төмендегені жайлы мәлімдеді. Ұйым мұны дән­ді да­қылдар мен еттің салыстырмалы түрде өсімдік майы, сүт өнімдері жә­не қант бағалары ин­декстерінің мәнінің төмендеуімен байланыс­тырады. Қаңтар айының қорытындысы бойын­ша еуроай­мақ­тағы инфляция деңгейі де бәсеңдеп, 8,5 пайызға дейін түсті. Негізінен, 8,9 пайыз бо­ла­ды деген болжам ай­тыл­ған еді. Бір­ақ азық-түлік пен энергия сияқ­ты құ­­былмалы санаттарды есепке алмайтын негізгі база­лық инфляция рекордтық 5,2 пайыз деңгейінде қалып отыр. Одан бөлек, өткен аптада ourworldindata интернет ре­сур­сын­да жарияланған рейтинг­ті қоғам болып қызу талқыладық. Атал­ған рейтингте 2021 жылы әр ел хал­қы­ның азық-түлікке қанша ақша жұм­сай­тыны туралы дерек берілген. Жалпы, ин­тернет ресурс сенімді дереккөздердің біріне саналады, көптеген басылым сіл­теме жасайды. Finprom.kz осы де­рек­тер негізінде елдерді үш топқа жіктеп, ең на­шар көрсеткіш көрсеткен елдер қа­та­рын­да Қазақстан тұрғанын айтады. Одан бөлек, бізбен қатар Нигерия, Мьянма, Ангола, Луанда, Өзбекстан, Ке­ния­ны байқауға болады. Рейтингке сүйен­сек, 2,5 мың АҚШ долларын азық-тү­лік­ке жұмсаймыз. Яғни әлгі рейтингте біз қымбатшылық жайлаған, ахуалы ең на­шар 10 елдің қатарындамыз. Тәуелсіз қаржы сарапшысы Анд­рей Чеботаревтің сөзінше, жағ­дай расымен күрделі, де­ген­­мен бұл деректегідей емес екенін алға тар­тады. Экономист рейтингтің қандай де­ректерге сүйеніп жасалғаны беймәлім еке­нін, тіпті деректер күмәнді екенін ай­тады.  width=Андрей ЧЕБОТАРЕВ: тәуелсіз қаржы сарапшысы: Ахуал күрделі, бірақ...
– Бір жағынан, әлгі рей­тинг­тің дерегіне сүйенсек, сұм­дық жағдайдамыз. Адам­дардың мұны көріп, әлемнің ең кедей елінің қатарына қо­сылдық деп байбалам сал­уы­­ның негізі бар. Бірақ... Бұл жер­де бірнеше бірақ бар. Біріншіден, иә, біз азық-түлікке өте көп ақша жұмсаймыз. Мен был­тырғы жылғы жағдайға сарап­тама жасағанмын. Жалақының жар­тысынан астамы азық-түлікке кете­ді, бірақ тамақтану сапасы да, сәйкесінше жақ­сы. Өткен жылы ет тұтыну мөлшері біршама өскен, былтыр, өздеріңіз біле­сіздер, инфляция 20 пайыз болды. Мұн­дай инфляция кезінде тұтыну деңгейінің өсуі, әрине тамаққа жұмсалатын шы­ғын­ның артуына әсер етеді. Екіншіден, бұл рейтингті жаса­ған­дарға да бірнеше сұрақ бар. Олар біз жылына 2,5 мың дол­лар жұмсаймыз деп ойлайды. Егер басқа ел­дерді алып қарасақ, тура мұндай ақ­ша­ны Германия мен Канада тұр­ғындары жұмсайды екен. Ирландия біз­ден аз, тіп­ті Ұлыбритания бізден аз жұм­сайды. Сон­дықтан бұл рейтингті құ­рас­тыру­шы­ларға және бұл деректі бө­ліскен Finprom.kz-ке сұрағым бар: олар мұны қалай есеп­теген? Шындығында, барлығы бас­қаша шығар, бірақ өткен жыл оңай болмағаны рас. Ин­фляцияның жоғары деңгейі, азық тұ­тыну көрсеткішінің өсуі барлығы та­быс­ты көбейту керектігінің сигналы болып отыр. Бірақ табысты Үкіметтің көбейтуі емес, нарықтық экономикада Үкімет рет­тегіш функция атқарады, ал табысты ең бірінші кезекте азаматтар өздері кө­тереді.
Орташа жалақы өсті ме, кеміді ме? Сонымен, жағдайымыз рейтинг­те­гідей ушықпаған болар, де­ген­мен бағаның шарықтап тұр­ғаны рас. Биылғы қаңтардың қоры­тын­дысы бойынша елімізде жылдық тұ­тынушылық инфляция жеделдеуін жал­ғастырып, 20,7 болды. Жалпы, жыл қо­рытындысы бойынша азық-түлік ин­фляциясы 25,7 пайыз (желтоқсанда 25,3 пайыз), азық-түлік емес тауарлар инфляциясы 20,2 пайыз (желтоқсанда 19,4 пайыз), қызмет көрсету саласы бойын­ша инфляция 14,2 пайыз (жел­тоқсанда 14,1 пайыз) болды. Бұл деректерден экономикада қым­батшылық әлі баяула­ма­ға­нын байқауға болады. Сонымен қатар азық-түлік емес тауарлардың ин­фля­­­циясы 20 пайыздан асты. Инфляция­ның айлық көрсеткіші баяулағанымен, бұ­рынғы орташа мән­дерден едәуір жо­ғары. Сөйтіп, инфляция төмендейтіні тура­лы Ұлттық банктің болжамдары қа­лай жүзеге асатыны түсініксіз. Осы сияқты Ұлттық статистика бюросы өткен жылдың қоры­тын­дысы бойынша еліміздегі орташа жалақы 338 715 теңге болғанын ха­барлады. Номиналды жылдық өсім 22,9 болған, ал нақты мәнде (яғни, инфляцияны есепке алғанда) өсім не­бәрі 2,8 пайыз болған. Ұлттық ста­тис­тика бюросы орташа жалақы деңгейінің өсуін жыл соңында төленетін сый­лық­ақылар мен мерекелік төлемдермен бай­­­­ланыстырады. Ал жалақының медианалық мәні өт­кен жылдың соңғы тоқсанында нақты жыл­дық мәнде бірден 6,4 пайызға тө­мендеп, 204 168 теңге болған. Жалпы, бұ­ған дейін экономистердің нақты жа­лақы осы медианалық мән арқылы есеп­те­леді дегенін бірнеше рет жазған едік. Яғни, орташа айлық жалақыны ариф­ме­ти­калық орта арқылы есептеуге қара­ған­да, медианалық мәнмен есептеу – әді­лі­рек. Демек, былтырғы жылдың аяғында елі­міздегі орташа айлық жалақы мөл­шері инфляция негізінде азайған. Сонымен, инфляция және оның салдары халыққа, елдің жағ­дайы­на өте теріс әсер етіп отыр. Жағ­дайды реттеу үшін Үкімет пен жа­уап­ты мекемелер қолдан келгенін жа­сап жатқанына сендіреді. Мәсе­лен, «Әлеуметтік өнім­дер­ге» ең төменгі көтерме ба­ға­лар енгізілуі мүмкін, Үкімет­тің тиісті қаулысы «Ашық НҚА» порта­лын­­да талқылауға шықты. Қаулы жоба­сында, бұл шара ішкі нарықты қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні ай­­­­тылады. Одан бөлек, инфляция фис­кал­дық чек­тер арқылы қада­ға­ла­наты­нын Ұлт­тық статистика бю­ро­сының бас­шысы Жандос Шай­мар­да­нов мәлім­де­ді. Бұл әдісті Бельгия, Шве­ция, Швей­ца­рия және басқа Еуропа ел­дері қолда­на­ды екен. Ал бізде бұл әдіс де­рек жи­нау­­дың дәстүрлі әдістерімен са­лыстыру үшін эксперимент ретінде ғана енгізіл­мек. Премьер-Министр Әлихан Смайы­­лов Үкімет отыры­сын­да 2023 жылға арналған не­гіз­гі міндеттердің бірі жылдың қоры­тын­дысы бойынша инфляцияның деңгейін 9,5 пайыздан асыр­мау екенін айтты. Үкімет басшысы бұған қол жеткізу үшін бар­­­лық өңірдің азық-түлік бағасын тұрақ­тандыру үшін бел­сенді жұмыс істеу қа­жет деген еді. Ал экономист Арман Байғанов қым­бат­шылықты тоқтатудың үш тәсілін ай­тып, Ауыл шаруашылығы министр­лі­гіне ұсынысын жеткізді.  width=Арман БАЙҒАНОВ, экономист: Фермер­лерді қолдайтын тетік әзірлеуді ұсынамын
– Біріншіден, қазір мемлекеттік қар­жы органдарынан жеңілдікпен қаражат ал­ғысы келетін фермерлердің негізгі проб­лемасы кепілмен қамтамасыз ету төңірегінде туындап отыр, себебі ауыл­дар­ды қамтамасыз етудің тиімділігі аз саналады және төмен бағаланады. Осы­ған байланысты агроөнеркәсіптік кешен са­лаларын қаржыландыруға жеңіл­дік­пен бөлінетін қаражат ұлғайса да, бюд­жет қаражатының толық игерілмей қалуы мүмкін. Осы мәселені шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне қар­жы компанияларымен бірлесіп, ауыл ша­руа­шылығына бөлінетін субсидияны қо­сымша кепілмен қамтамасыз ету ре­тін­де пайдаланатындай тетік әзірлеуді ұсы­намын. Мысалы, мал шаруашы­лы­ғын­да мемлекеттік субсидия мөл­­­шері сатып алынатын мал құнының 50 пайызына дейін, ауыл шаруашылығы техникасына бөлінетін субсидия оның баланстық құнының 30 пайызына дейін жетеді. Демек, егер суб­сидияның түсімдері бастапқы жарна ретінде немесе қамтамасыз ету ретінде ес­керілер болса, онда фермерлерді қар­жы­ландыру мөлшері айтарлықтай өседі (ша­мамен 20-50 пайыз). Мұның бәрі біз­ге фермерлердің қаржыландыруын арт­тыруға, азық-түлік өндірісін ұлғай­ту­ға және сәйкесінше оның құнын тө­мен­детуге мүмкіндік береді. Екіншіден, елімізде «интенсивті алма бақтары» атты қаржы­лан­дыру бойынша өте табысты ма­ман­дандырылған бағдарлама бар, со­ның арқасында соңғы жылдары алма ба­ғасы аса қымбаттамады деуге болады, ал қалған ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша бағаның айтарлықтай өскені байқалады. Алма шаруашылығы саласын қар­жыландырудың табысты тәжіри­бе­сі­нің негізінде Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігіне жүзім, таңқурай және басқа да жеміс-жидек өсіруді қаржылан­дыру­дың ұқсас өнімін әзірлеуді ұсынамын, бұл елдің барлық табиғи-климаттық ерек­шелігін тиімді пайдалануға ықпал ете­тін болады. Алдымен жыл сайын, әсіресе қыста, жы­лыжай өнімдерінің (қияр, қызанақ жә­не т.б.) бағасы бірнеше есе қымбат­тай­ды. Бағаның өсуі нақты мына фак­тор­ларға байланысты: Шетелде құрастырылған, өндірілген өнеркәсіптік жылыжайлардың бағасы қымбат; Одан бөлек, энергия тасымал­дау бағаcының тұрақты түрде қымбаттауы, ал бұл жылыжай өні­мі құнының негізгі үлесін құрайды. Үшіншіден, өнім өндіру елдің оң­түстігінде қарқынды жүреді, сәйкесінше ай­тарлықтай логистикалық шығын шы­ғады, оған қоса өнімді жеткізу уа­қы­ты кешеуілдейді, бұл өнімнің сапасына теріс әсер етеді. Бағаны төмендету үшін тран­шеялық (жерасты) типтегі жы­лыжайлар­дың жаңа түр­лерін (елдің сол­түстігінде) қар­жы­лан­дыру­дың мем­лекеттік бағ­дар­ла­­масын әзір­леуді ұсынамын. Жы­­лы­жайдың бұл түрінің ар­тық­шылығы – энергия бойынша аса тиімді: жер­дегі стандартты жы­лыжай­лар­ға қарағанда энер­гия шы­ғын­дары бес есе төмен бо­­ла­ды. Со­­ны­мен қатар бұл жы­лы­­жай­ларды ұзағырақ пайда­лану­ға бо­лады, ал құрылымның негізгі бө­лігін өз күшімізбен құрастыра аламыз (им­порт­ты алмастыру), бұл жобаның өзін­дік құнын және сәйкесінше өсірілген жы­лыжай өнімдерінің құнын төмен­де­теді.
Үкіметтің кезекті тапсырмасы 7 ақпанда Үкімет отырысында әлеу­мет­тік маңызы бар азық-түлік тауар­ларының бағасын тұрақтандырудың жаңа тәсілдерін іске асыру талқыланды. Вице-премьер – Сауда және ин­тег­рация министрі Серік Жұ­ман­ғариннің мәлімдемесіне сүйен­сек, азық-түлік инфляциясының ең жоғары деңгейі Астана мен Шым­кент­те (2,2 пайыз), Қызылорда және Сол­түстік Қазақстан (1,8 пайыз), Ақтөбе (1,7 пайыз) және Ұлытау (1,5 пайыз) об­лыстарында байқалған. Сонымен қа­тар ол тіпті апта сайын динамика әр­түр­лі деңгейде екенін айтты. Тауарларға ке­лер болсақ, пияз 22,5 – пайызға, күріш – 5,2 пайызға, қырыққабат – 4,1 пайызға, сүт пен сәбіз 3,1 – пайызға, картоп – 3,0 пайыз­ға, кеспе 2,6 пайызға қымбаттаған. Қазір бағаны тұрақтандыру құрал­да­ры қайта қаралып жатыр екен. Мә­се­лен, «айналым схемасы» шеңберінде қа­рыз бе­ру бойынша тәсіл қайта фор­мат­талмақ – қазір тікелей өндірушілерге бе­ріледі, тұрақтандыру қорларын қа­лып­тастыру тетігі өзгертілді – өнімді са­тып алу егін жинау кезеңінде, яғни на­рықта бағалар бәсекелестік болғанда жүре­ді, ал олар маусымаралық кезеңде са­тылады. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы өндірушілерінен өнімді сатуға дейін сақтауға мүмкіндік бере­тін келісімшарт жасауға форвардтық са­тып алу тетігі енгізілмек. Серік Жұман­ғ­арин республиканың барлық ірі сауда же­лісі бағаны тұрақтандыру жұмыс­та­рына атсалысатынын айтты. Үкімет басшысы сатып алу-сату ке­зіндегі тауарлар көлемі мен ба­ғасын ерекше бақылауға алу­ды тапсырды. Сонымен қатар Пре­мьер-Министр барлық ауданды қамти оты­рып, тұрақты негізде арнайы жәр­мең­келер өткізу және бағаны, көлемді, қар­сы міндеттемелерді және айыппұл санк­цияларын белгілеу жөніндегі мін­детті шарттарды көрсете отырып, фор­вардтық сатып алу шартының бірыңғай фор­матын әзірлеу қажеттігін атап өтті. Дегенмен фермер Алмасбек Са­дыр­баев тұрақтандыру қорларынан нәтиже ба­рына күмәнмен қарайтынын айтады. Одан бөлек, сарапшы жалпы Үкіметтің әзір­леген бағдарламалары нақты ахуал­ды, жағдайды толық білместен қабыл­да­нып жатыр деген пікірде.  width=Алмасбек САДЫРБАЕВ, фермер: Мил­лион­даған дол­лар, мил­­лиард­­таған теңге ысы­рап болып жа­тыр
– Ішкі нарықтағы азық-түлік өн­дірі­сін қолдау керек. Соны жетілдіріп, соған жағ­дай жасау керек. Ол үшін азық-түлік өнім­дерін өндіруші шаруалардың мәр­те­бесін көтеріп, оларды қолдаудың жан-жақ­ты бағдарламасын жасау керек. Ол қол­дау бағдарламаларын жасау үшін бірін­ші сол шаруадан «саған не керек?», «қан­дай жағдайда сен өнім өндіріп бере­сің?», «не нәрсе қолжетімді, не нәрсеге қо­лың жетпей жатыр?», «сенің кәсібіңді қа­лай қорғаймыз?», «қалай дамытамыз?» де­ген сұрақтар қойып, сол сұрақтардың аясында бағдарламаны әзірлеу керек. Қазір бізде түрлі бағдарлама бар. Бірақ сол бағдарламалардың әзірленіп, қабылдануына нақты кәсіби мамандар ат­салысып жатқан жоқ. Жұмсақ крес­ло­да, жылы бөлмеде отырғандар әзір­леген бағ­дарламалар. Сондықтан олардан еш­қандай мардымды нәтиже болмайды. Соның бірден-бір мысалы ретінде ірі қара бағытындағы ет шаруашылығын да­мытуды алайық. Егжей-тегжейлі қарас­тырылмаған, шала жоба болды. Мил­лиондаған доллар, миллиардтаған теңге бостан-бос ысырап болып кетті. Бұл – бір мысал ғана. Қалған бастама­лар­дың да жағдайы осындай. Тұрақтандыру қорларына келе­тін болсақ, әлемде бағаға әсер ет­пейді-ау. Тұрақтылық қор­лары тиісті деңгейде атқара алмай жа­тыр. Дегенмен ол қорлар бағаны тұрақ­тан­дырады деуге болады деу қателік деп есеп­теймін. Қазіргі жағдай тек ауыл шаруа­шы­лы­ғы саласының тұралап қалуына бай­ла­ныс­ты деп айтуға келмейді. Біз айқын, ашық БАЖ салығын белгілеуіміз керек. Өйт­кені қарапайым мысал, қазір біздің жы­лыжай шаруалары өнімдерін өсіріп жа­тыр. Сәуір айларында өнімдері пісіп, дайын болады. Енді соны біздің диқандар сатайын десе, Өзбекстан, Түрікменстан сияқты елдерден келген арзан өнімдер на­рыққа кіреді. Арзан дегенде, ол ха­лыққа түк те арзан емес. Рәсімдеуге кел­генде арзан сияқты көрсетіледі, бірақ шын­дығында біздің сатып алушыларға қым­бат. Солар келеді де, біздің на­ры­ғы­мызды құлатады. Түрікменстаннан ке­л­ген қызанақты қырыққабат деп арзан ба­ғамен тіркей салады, оның салығы, бә­рі төмен болады. Ал біздің шаруаның өні­мі сөреге шығуы үшін төлемдер, са­лық­тар, тағы да басқалар... Жақында Кореяда болдым. Олар да Қытаймен мұхит ар­­­­қылы шектеседі ғой, жет­кізу өте арзан, нарықты жаулап алу ық­­­­тималдығы өте жоғары. Дегенмен олар­да осыған байланысты ұстанатын нақ­ты саясат бар екен. Егер Қытайдан кел­ген тауардың ол жақта баламасы бол­са, ол өнім елге кіргізілмейді. Бұл – отан­дық өнімді, фермерді қолдау.
Қорыта айтқанда, сарапшылар ішкі нарықты мейлінше отандық өніммен қамтуға, шаруаларды қолдауға, кедергісіз жұмыс істеуіне шын мүмкіндік беруге бар күшті жұмсаған жөн екенін айтады. Естеріңізде болса, 2021 жылы Үкімет 2024 жылға қарай нарық 100 пайыз отандық өніммен қамтылатынын айтқан болатын...