Криштиану Роналду ұлттық чемпионаттардағы 500-ші голын соқты

Криштиану Роналду ұлттық чемпионаттардағы 500-ші голын соқты

Криштиану Роналду ұлттық чемпионаттардағы 500-ші голын соқты
ашық дереккөзі
Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының «Аль Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық чемпионаттардағы 500 голын соқты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Аль Наср» клубы бүгін ұлттық чемпионатта «Аль Вехда» командасына қарсы ойын өткізді. Ойынның 21-минутында Криштиану Роналду қарсылас команда қақпасынан саңылау тапты. Одан кейін ол 40, 53 және 61-минуттарда тағы үш гол соқты. Осылайша бүгін покер жасады. Осылайша португалдық футболшы ұлттық чемпионаттардағы 500 голын соқты. Ол бұған дейін испаниялық Ла лигада - 311, Англия Премьер-лигасында - 103, итальяндық А сериясында - 81, Португалия чемпионатында 3 гол гол соққан еді. Өткен жылдың соңында Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Аль Наср» командасына ауысты. Ұлттық чемпионаттағы алғашқы голын 22 қаңтарда «Аль-Фатеха» клубы қақпасына енгізді. «Алтын доптың» бес дүркін иегері қазірге дейін «Спортинг» (Португалия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Реал Мадрид» (Испания) және «Ювентус» (Италия) клубтарында доп тепті. Криштиану Роналду өзінің футболдағы мансабында 1056 ойынға қатысып, барлығы 750 мәрте қақпаны дәл көздеді.