Қырғызстанның валюта нарығында долларға сұраныс артты

Қырғызстанның валюта нарығында долларға сұраныс артты

Қырғызстанның валюта нарығында долларға сұраныс артты
ашық дереккөзі
Қырғызстанда шетел валютасына деген сұраныс артты. Бұл туралы turkystan.kz Қырғыз Республикасының Ұлттық банкіне сілтеме жасап хабарлады. Елдің бас қаржы реттеушісінің мәліметінше, жылдың басынан бері доллардың сомға қатысты ресми бағамы 1,27 пайызға өскен. Қырғызстан Ұлттық банкінің ақша-кредит операциялары басқармасының басшысы Азат Қозыбеков қазіргі уақытта елдің валюта нарығындағы жағдай салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде сақталып отырғынан атап өтті. «Соңғы уақытта еліміздің валюта нарығында шетел валютасына деген сұраныс көлемі ұсынылатын қаржы мөлшерінен асып түскені байқалады. Бұл бірінші кезекте маусымдық факторларға байланысты. Бұдан басқа, Қырғызстанның валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың айырмасына сауда-саттық жасасатын әріптес елдердің экономикалық даму перспективалары да әсер етеді», - деп атап өтті Азат Қозыбеков. Жыл басынан бері айырбас бағамының арасындағы айырмашылықты теңестіру мақсатында Қырғызстанның Ұлттық банкі 151 млн долларды сатқан. Елдің аталған қаржы реттеуші органы өзгермелі валюта бағамы саясатын ұстана бермек. Алайда, бұл бағытта күрт өзгеріс байқалса, интервенция жүргізіледі. Яғни, сом мен доллар бағамының алшақтығын тікелей реттеуге кіріседі.