Алматы облысында шенеуніктер лицензия беру үшін пара алған

Алматы облысында шенеуніктер лицензия беру үшін пара алған

Алматы облысында шенеуніктер лицензия беру үшін пара алған
ашық дереккөзі
Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен шағын бизнес субъектілеріне фармацевтикалық бақылау саласындағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық қызметін тоқтатты деп хабарлады turkystan.kz Антикорға сілтеме жасап. Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің басшысы мен бөлім басшысының міндетін атқарушы жүйелі түрде пара алумен айналысқан. Олардың заңсыз талабы бойынша шағын бизнес өкілдерінен фармацевтикалық қызметті (дәріхана бизнесін) жүзеге асыруға бас лицензиялар мен оларға қосымшалар бергені үшін жалпы сомасы 850 мың теңге алынғаны анықталды. Антикор жемқорлықтың жолын кесу және анықтау, сондай-ақ бизнесті қорғау жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатқанын жеткізді.