Шекараны заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Шекараны заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Шекараны заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды
ашық дереккөзі

4 ақпанда ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысында Мемлекеттік шекараны заңсыз өтті деген күдікпен төрт шетелдік ұстады деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл адамдар 2023 жылғы қаңтарда Өзбекстаннан заңды негізде Қазақстанға келіп, әрі қарай жұмыс істеу мақсатымен Ресей Федерациясына өтуді жоспарлаған.  width= Алайда Ресейге кіруге шектеулері болғандықтан, олар тәуліктің қараңғы уақытында жасырынуға арналған костюмдерді киіп, өткізу бекеттерінен тыс жерден шекараны кесіп өтуге әрекеттенген. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.