Жаңалықтар

Шекараны заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды

ашық дереккөзі

Шекараны заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды

4 ақпанда ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысында Мемлекеттік шекараны заңсыз өтті деген күдікпен төрт шетелдік ұстады деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл адамдар 2023 жылғы қаңтарда Өзбекстаннан заңды негізде Қазақстанға келіп, әрі қарай жұмыс істеу мақсатымен Ресей Федерациясына өтуді жоспарлаған.