Қазақстан халқының саны 19,7 млн-нан асты

Қазақстан халқының саны 19,7 млн-нан асты

Қазақстан халқының саны 19,7 млн-нан асты
ашық дереккөзі

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 19 765 004 адамға жетті деп хабарлады turkystan.kz. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, оның ішінде қала тұрғындары – 12 208 259, ауыл тұрғындары – 7 556 745 адам.

«12 ай ішінде Қазақстанда 403,5 мың сәби (450,7 мың адам – 2021 ж) дүниеге келді. Оның ішінде 208 мыңы – ұл бала, 195,5 мыңы – қыз бала. Туу коэффициенті 1000 адамға 20,28 құрады. Аталған кезеңде қайтыс болғандар саны 134,7 мың адам. Бұл ретте 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім коэффициенті – 6,77. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 2022 жылдың 12 айында 268,8 мың адамды құрады (2020ж. – 263 мың, 2021 ж. – 267 мың)», - делінген хабарламада.
Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 27,75 адам), Түркістан облыстарында (1000 тұрғынға 27,23 адам) және Шымкент қаласында (1000 тұрғынға 26,34 адам) байқалды.