Мәжіліс сайлауы: 7 партиядан 283 кандидат ұсынылды

Мәжіліс сайлауы: 7 партиядан 283 кандидат ұсынылды

Мәжіліс сайлауы: 7 партиядан 283 кандидат ұсынылды
ашық дереккөзі

Сайлауға қатысу үшін барлық 7 саяси партия Орталық сайлау комиссиясына өз тізімдерін ұсынды.  Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Кеше, 8 ақпан күні сағат 18.00-де барлық өңірде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы сайлауға барлық 7 саяси партияны жіберді», - деді ол комиссия отырысында.
Саяси партиялар контексінде кандидаттарды ұсыну статистикасы келесідей: «АMANAT» – 90; ҚХП – 52, «Ақ жол» – 54, ЖСДП – 19, «Байтақ» – 18, «Ауыл» – 25, «Республика» – 25 кандидат.