Мәжіліс сайлауы: 7 партиядан 283 кандидат ұсынылды
Мәжіліс сайлауы: 7 партиядан 283 кандидат ұсынылды
Сайлауға қатысу үшін барлық 7 саяси партия Орталық сайлау комиссиясына өз тізімдерін ұсынды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Кеше, 8 ақпан күні сағат 18.00-де барлық өңірде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы сайлауға барлық 7 саяси партияны жіберді», - деді ол комиссия отырысында.
Саяси партиялар контексінде кандидаттарды ұсыну статистикасы келесідей:
«АMANAT» – 90;
ҚХП – 52,
«Ақ жол» – 54,
ЖСДП – 19,
«Байтақ» – 18,
«Ауыл» – 25,
«Республика» – 25 кандидат.