Теңіз кенішінде цистерна жарылып, жұмысшы көз жұмды
Теңіз кенішінде цистерна жарылып, жұмысшы көз жұмды
8 ақпанда күндіз теңіз кенішінде адам өліміне әкелген қайғылы оқиға болды. «WEST DALA» компаниясына тиесілі «вакуум» цистернасы жарылып, 37 жастағы жұмысшы қаза тауып, 30 жастағы екінші жұмысшы жарақат алды деп хабарлады turkystan.kz azh.kz сайтына сілтеме жасап.
Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі («Адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«WEST DALA» мұнай-газ, медицина және басқа да салалардағы өндіріс қалдықтарын жоюмен айналысады.