Көлігін өртеуге өзі тапсырыс берген директор ұсталды

Көлігін өртеуге өзі тапсырыс берген директор ұсталды

Көлігін өртеуге өзі тапсырыс берген директор ұсталды
ашық дереккөзі
Таразда кино орталығының директоры Нұрлан Қанатов қамауға алынды. Ол өз көлігін өртеуге тапсырыс берді деген күдікпен ұсталды деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, полиция анық-қанығын тексеріп жатыр. Видеода «Үйімнің жанында жарылыс болып, көлігім өртенді. Қатты жарылысты естіген көршілерім атып шығып, өртті сөндіре бастаған. Мен үйде болған жоқпын» дейді Нұрлан Қанатов. Бұл оқиға үш жарым ай бұрын болған. Алайда сол кезде Нұрлан Қанатов өзіне және отбасына қастандық жасалғанын айтып дабыл қаққан. Әлеуметтік желіде түрлі мәселе көтеретін белсенді бұл жағдайды өзінің қоғамдық жұмысымен байланыстырып және оның артында лауазымды шенділердің тұрғанын айтқан. Полицейлер техникаға қасақана от қойған адамның ұсталғанын жеткізді. Шындығында, оған 41 жастағы белсендінің өзі тапсырыс беріпті. Қазір күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу басталды.
«Қанатовқа қатысты Қылмыстық кодекстің  419-бабы 3-бөлігі («Адамды ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнем ниетпен көрінеу жалған сөз сөйлеу») бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оның кінәсіне қатысты нақты дәлелдер бар. Өртеп жіберген адам анықталғаннан кейін, Қанатов тергеуге түрлі жолмен кедергі келтіруге тырысты», – дейді Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.