Жекеменшік ұйымдардың 99%-ы бюджеттен субсидияланады

Жекеменшік ұйымдардың 99%-ы бюджеттен субсидияланады

Жекеменшік ұйымдардың 99%-ы бюджеттен субсидияланады
ашық дереккөзі
 «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Владимир Савкиннің жетекшілігімен ұйымның кезектен тыс отырысы өтті. Онда мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда жемқорлықтың алдын алу шаралары, оларда балаларды тамақтандыру және педагог қауымын аттестациялау мәселесі көтерілді. Елордадағы 100 мемлекеттік балабақшаға 32 мыңнан аса бала, 354 жекеменшік бақшаға 31 мыңнан аса бала барады. Бұл салаға Indigo цифрлық қызмет көрсету порталы мен Mindal электрондық қосымша білім беру жүйесінің енгізілуі жемқорлықтың туындамауына мүмкіндік береді. «Астана қаласының білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары Серік Әділбаевтың айтуынша, бүгінде жекеменшік ұйымдардың 99%-ы бюджеттен субсидияланады.  width= Одан бөлек, электронды табель толтыру арқылы ата-ана баласының тек бақшаға барған күні үшін ғана ақы төлейді. Айта кетейік, жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жалпы білім беретін орта мектептер мен колледждерде де қолға алынған. Білім басқармасы әр оқу жылы басталардың алдында мектептің түрлі қажеттіліктері үшін оқушылардан ақша жинауға тыйым салу туралы бұйрық шығарады. Бұл бұйрық ата-аналар чатында да жарияланады. Сонымен қатар 96 мектепте жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Адал ұрпақ», ал колледждерде «Саналы ұрпақ» клубтары жұмыс істейді. Қазіргі қымбатшылық заманда нарық бағасы тежеусіз өсіп жатыр. Бұдан бюджеттен білім беру саласына бөлінген қаржының жетіспеушілігі туындайды. Мәселен, Астана қаласының балабақшаларында бір баланың бір айлық ішіп-жемі 16 800 теңгеге бағаланған. Бірақ бұл тариф осыдан 8 жыл бұрын бекітілген. Одан бері баға жүз құбылып, теңге 50%-ға құнсызданды. Сол себепті, бекітілген бюджет нақты нарықтың шығынын өтей алмайды. Осыған орай, Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев алдағы сайлаудан кейін қалалық мәслихат құрамы қалыптасқан соң, депутаттар алдында ең бірінші осы мәселені көтеретінін мәлімдеді. Қоғамдық кеңес отырысында астаналық бірқатар балабақшалардың меңгерушілері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті бастығының орынбасары Ілияс Базылов сөз сөйлеп, ой-пікірлерін қосты. Мұнда көтерілген мәселелер уәж айтушылардың ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып, бірауыздан қабылданып, хатталды.