Жаңалықтар

Қалың қар, көктайғақ: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

ашық дереккөзі

Қалың қар, көктайғақ: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 9-11 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. Мәлімет бойынша, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 9 ақпанда қатты жауын-шашын, 10 ақпанда қалың қар, көктайғақ күтіледі. "Республика бойынша тұман, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. 11 ақпанға жақын батыс антициклонының екпіні оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарға ауысып, жауын-шашын бірте-бірте тоқтайды. Түнгі температураның 8-21 аязға дейін төмендеуі күтіледі", – делінген хабарламада.