Whatsapp желісінің істен шыққаны рас па?

9 ақпан, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Whatsapp желісінің істен шыққаны рас па? Кейбір елдерде жұма күні WhatsApp мессенджерінің жұмысында ақаулар байқалды. Бұған танымал интернет-ресурстардың жұмысын бақылайтын Downdetector қызметінің деректері дәлел деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қызметтің мәліметінше, пайдаланушылар хабарлама жіберу, серверге қосылу кезіндегі ақауларға, сондай-ақ қолданбадағы ақауларға шағымданды. Ең үлкен кемшіліктер Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Италия, Нидерланды және Польшада тіркелді.