Жаңалықтар

Түркияда тағы 5,4 балдық жер сілкінісі болды

ашық дереккөзі

Түркияда тағы 5,4 балдық жер сілкінісі болды

Сәрсенбі күні Түркияның шығыс бөлігінде 5,4 магнитудасымен жер сілкінді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.  Дерек бойынша, жерасты дүмпуінің ошағы 31,4 мың халқы бар Буланык қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 60 шақырым. Айта кетейік, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 7,7 магнитудасымен жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді.