Ташкентте 1 миллиард долларға күн батареялары орнатылады

Ташкентте 1 миллиард долларға күн батареялары орнатылады

Ташкентте 1 миллиард долларға күн батареялары орнатылады
ашық дереккөзі
Өзбекстан астанасында жаңартылатын энергия көздерін енгізуге 1 млрд АҚШ долларын бөлу жоспарлануда. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев елдегі энергия тапшылығы мәселесіне арналған жиында айтты деп хабарлады  turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Өзбекстан басшысы Ташкентте электр энергиясы мен көгілдір отынға деген сұраныс ұдайы өсіп отырғанын атап өтті. Көрші елде энергия тапшылығы проблемаларын шешу үшін жаңартылатын энергияның әлеуетін пайдалану жоспарлануда. Осының арқасында, есептеулер бойынша, 2023 жылы 240 млн кВт/сағ көлеміндегі энергияға күтілетін сұранысты 4 еседен астам жабуға, 1,08 млрд кВт/сағ энергия өндіруге болады», - деді Шавкат Мирзиёев. Ол үшін көпқабатты үйлердің, әлеуметтік нысандардың, мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың, өндірістік аймақтар мен автотұрақтардың шатырларына жалпы қуаты 2000 МВт күн батареяларын орнату жоспарлануда. «Қала жаңартылатын энергия көздерін енгізуге 1 миллиард доллар бөледі», - деді президент. Бұдан бұрын хабарланғандай, Өзбекстанда 2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер, шаруашылық нысандары мен шаруашылықтары кезең-кезеңімен баламалы энергиямен қамтамасыз етуге көшетін болады. Биылғы қыста Өзбекстан қатты аяз кезінде ауқымды энергетикалық дағдарысқа тап болды. Өзбекстан басшысы қысқа дайындықтың нашарлығына байланысты бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктерді қызметінен босатты. Елорда мен республиканың өңірлеріндегі аяз бен коммуналдық шаруашылықтың жұмысындағы күрделі мәселелер аясында әскери далалық асханалар мен жылу пункттері іске қосылды. Тұрғын үй қорының энергия тиімділігін арттыру мақсатында Өзбекстан үкіметі 30 мыңнан астам көпқабатты үйді базальт жабынымен оқшаулап, баламалы энергия көздеріне көшіруді көздеп отыр.