Атырауда жоғалып кеткен үш адам бір күннен кейін табылды

Атырауда жоғалып кеткен үш адам бір күннен кейін табылды

Атырауда жоғалып кеткен үш адам бір күннен кейін табылды
ашық дереккөзі
Атырау облысында жоғалып кеткен үш адам бір күннен кейін табылды деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, үш ер адам 7 ақпанда сағат 07:00 шамасында жолға шығып, хабарсыз кеткен. «Үш адам Мақат ауданындағы Доссор кентінен «КамАЗ» көлігімен «Өтеміс» кен орнына қарай жолға шыққаны анықталды. Бұл – Доссор кентінен 120 шақырым қашықтағы кен орны. Алайда, 31 және 53 жастағы үш адам күн райының қолайсыздығынан кері орала алмаған», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік пультіне жоғалған адамдар туралы 8 ақпанда сағат 05:50 шамасында хабар түскен. «Осыған байланысты 5 қызметкер жол талғамайтын ТРЭКОЛ көлігімен жедел жолға шығып, іздестіру-құтқару жұмысына кірісті. Іздестіру жұмысы 8 сағат бойы жүргізілді. Департаменттің қызметкерлері жоғалған үш адамды «Өтеміс» кен орнынан тауып, Доссор елді мекеніне жеткізді. Олардың денсаулығына зақым келмеген. Сол себептен, медициналық көмекті қажет етпеді», - деп мәлім департаменттің қоғаммен байланыс тобынан. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға дауылды ескертулерге назар аударып, алыс жолға шықпауды ескертіп отыр. Сондай-ақ, қалың қар жауған Атырауда 190 адам құлап, жарақат алған.