Түркияда қаза болғандардың саны 9 мыңнан асты

Түркияда қаза болғандардың саны 9 мыңнан асты

Түркияда қаза болғандардың саны 9 мыңнан асты
ашық дереккөзі
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 9 057-ге дейін өсті. Ал жараланғандар саны 52 979 деп хабарлады turkystan.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап. Бүгін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Кахраманмараш қаласында жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтардың шатырлы қалашығына барды. Президент Оникишубат стадионына келіп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.  width= Р.Т.Ердоған барлық қираған ғимараттардың тұрғындары жаңа пәтер алатынын айтты.
«Біз бұл қиындықты жеңіп шығамыз. Бір жағынан үйінділер аршылып, екінші жағынан жаңа ғимараттардың құрылысы басталады. Бұл біраз уақытты алады, бірақ бәрі тезірек жасалады», - деді ол.