Жаңалықтар

Түркияда қаза болғандардың саны 9 мыңнан асты

ашық дереккөзі

Түркияда қаза болғандардың саны 9 мыңнан асты

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 9 057-ге дейін өсті. Ал жараланғандар саны 52 979 деп хабарлады turkystan.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап. Бүгін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Кахраманмараш қаласында жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтардың шатырлы қалашығына барды. Президент Оникишубат стадионына келіп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.