Әлем чемпионы атанған Нора Джеруто қазақша мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Әлем чемпионы атанған Нора Джеруто қазақша мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Әлем чемпионы атанған Нора Джеруто қазақша мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионы атанған Тануи Нора Джеруто жанкүйерлеріне қазақша сәлем жолдап, Астанада өтетін Азия біріншілігіне шақырды деп хабарлады turkystan.kz. Әлем чемпионы атанған соң, Қазақстан атынан ресми жарыстарға қатыспаған Нора елордада бақ сынайды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Qazaq Athletics 🇰🇿 (@qazathletics)

«Сәлем! Мен - Нора. Қазақтың қара қызы. Кел! Мені қолда елім», - деді еліміздің көк туын жамылған желаяқ.
Айта кетейік, 10-12 ақпан аралығында Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өтеді. Ауқымды шараға 500-ден аса спортшы қатыспақ. Нора Джеруто 2022 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында кедергілер арқылы 3000 метрге жүгіруден әлем чемпионы атанды. Ол 2017 жылы Қазақстан құрамасына Кениядан ауысып келген.