Журналистердің жұмысына кедергі келтірген күзетші сотталды

Журналистердің жұмысына кедергі келтірген күзетші сотталды

Журналистердің жұмысына кедергі келтірген күзетші сотталды
ашық дереккөзі
Петропавлда БАҚ өкілдерінің кәсіби қызметіне кедергі келтіру бойынша алғаш рет қылмыстық іс қозғалып, сот үкімі шықты деп хабарлады turkystan.kz. Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қалалық соты бүгін журналистердің кәсіби қызметіне кедергі келтіру дерегі бойынша айыпталушы С.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. 2021 жылдың 2 тамызы күні «Хабар» агенттігінің журналистері «Ashyq» мобильді қосымшасы жайында сюжет түсіру үшін «DostyqMall» ойын-сауық орталығына барады. Алайда, орталықтың қауіпсіздік қызметінің бастығы С. бейнеоператорға түсірілім жасауға рұқсат бермейді. Кейін оның нұсқауымен күзет қызметінің қызметкерлері түсірілім тобын далаға шығарып жіберген. Күш көрсетуден бейнекамераға зақым келді. Сотталушының кінәсі дәлелденді. Прокуратура ҚР «Рақымшылық жасау туралы» Заңын қолданып, негізгі жазадан босата отыра, сотталушының бостандығын бір жылға шектеуді және үш жылға дейін күзет қызметіне қатысты лауазымды атқару құқығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындап, өзін ақтауды өтінді. Сот сотталушының кішкентай үш баласының барын есепке алып, бостандығын бір жылға шектеу туралы үкім шығарды. Бірақ, ҚР «Рақымшылық жасау туралы» Заңы негізінде жазадан босатылды. Сондай-ақ, отбасының жалғыз асыраушысы екені ескеріліп, қосымша жаза қолданылмады.