Қазақстанда балалар БҰҰ-ға тікелей шағымдана алады

Қазақстанда балалар БҰҰ-ға тікелей шағымдана алады

Қазақстанда балалар БҰҰ-ға тікелей шағымдана алады
ашық дереккөзі
Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин Қазақстан атынан Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттамаға қол қойды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  width= Құжат БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне (бала құқықтары саласындағы 18 тәуелсіз сарапшылар тобы) БҰҰ-ның бала құқықтары бойынша үш негізгі құжатпен (Бала құқықтары туралы конвенция және оның екі Факультативтік хаттамасы – балаларды қарулы қақтығыстарға тарту және балаларды сату, балалар жезөкшелігі және балалар порнографиясы туралы) көзделген бала құқықтарының бұзылуы туралы шағымдарды қабылдау және қарау өкілеттігін береді. 3-ші Факультативтік хаттамаға сәйкес, балалар немесе олардың өкілдері БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне өз құқықтарының бұзылуы туралы тікелей шағым бере алады. Комитет, өз кезегінде, әрбір істі қарап, қатысушы мемлекеттерге нақты ұсыныстармен баяндалған шешімдер қабылдайды. Бұл құжатқа қол қою Қазақстанның бала құқықтарын қамтамасыз етуге және балаларды құқықтық қорғаудың ұлттық тетіктерін нығайтуға бейілділігін растайды. Құжат Қазақстан Республикасы үшін оны Парламент ратификациялағаннан кейін күшіне енеді.