Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023

Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияның Газиантеп қаласына жетті

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазды turkystan.kz.

«Қазіргі уақытта жабдықтар мен жеке құрамды түсіру жұмыстары жүргізілуде. Осыдан кейін жаңадан келген құтқарушылар үшін іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған учаскелер айқындалатын болады», – делінген хабарламада.

Екінші топ құрамында 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептер бар.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button