Түркияда бір қазақстандық үйінділер астынан аман-есен табылды

Түркияда бір қазақстандық үйінділер астынан аман-есен табылды

Түркияда бір қазақстандық үйінділер астынан аман-есен табылды
ашық дереккөзі
Түркиядағы зілзаладан кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьярова үйінділер астынан аман-есен табылды деп хабарлады turkystan.kz. Түркияның Хатай провинциясы, Антакия қаласында хабарсыз кетті делінген қазақстандықтарды іздеуге шыққан топ Сабина Мамадьярованың аман табылғанын хабарлады. Құтқарушылардың мәліметінше, Сабинаға оқиға орнында медициналық алғашқы көмек көрсетілді. Кейін ол ауруханаға жіберіліп, қолы сынғаны белгілі болды.
«Қазір құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарын жедел атқарып жатыр. Қалғандары да Сабина табылған тұстан алыста болмауы керек. Ақпарат пайда болған сәтте-ақ хабарлаймыз» деп жазды іздеуші топ өкілдері.
Айта кетсек, Түркиядағы жер сілкінісі кезінде төрт қазақстандық жоғалып кеткені хабарланған болатын.