Мәжіліс сайлауы: кандидаттарды ұсыну аяқталды

Мәжіліс сайлауы: кандидаттарды ұсыну аяқталды

Мәжіліс сайлауы: кандидаттарды ұсыну аяқталды
ашық дереккөзі
Парламент мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды деп хабарлады turkystan.kz ОСК сайтына сілтеме жасап. «2023 жылғы 8 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды: 1. «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі; 2. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі; 3. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі»; 4. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі; 5. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі; 6. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі; 7. «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі», - делінген ОСК-ның ақпараттық хабарламасында.