Жаңалықтар

ҚСЗИ жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының таныстырылымын өткізді

ашық дереккөзі

ҚСЗИ жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының таныстырылымын өткізді

8 ақпанда ҚР-ның Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының таныстырылымын өткізді. Іс-шараны аша отырып ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов мұндай кездесулердің жиі өткізу маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ биыл құрылғанына 30 жыл толған институттың негізгі қызметі мен алдағы жоспарлары туралы кеңінен тарқата айтты. Атап айтқанда, жас сарапшыларды қолдауға бағытталған «Қазақстан: дамудың сын-қатерлері мен шешу жолдары» бағдарламасының мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, іріктеу қандай негізде жүзеге асырылатынын және бағдарламаның финалистерін не күтіп тұрғанын айтты.