Жаңалықтар

«AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидаттардың құжаттары ОСК-ға тапсырылды

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидаттардың құжаттары ОСК-ға тапсырылды

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясына «AMANAT» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар топтамасы тапсырылды. Күні кеше «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV Съезінің шешімімен Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде партиялық тізім бойынша 90 адам ұсынылды. «Ел аумағындағы өңірлік сайлау комиссияларына «AMANAT» партиясынан мәслихат депутаттығына 3821 кандидаттың құжаты ұсынылды. ОСК-ға тапсырылған партиялық тізімде квота сақталып, үміткерлердің 30%-дан астамын әйелдер, жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар құрады. Сайлау әділ, таза өтеді деп сенеміз және алдағы саяси додаға толық дайынбыз», – деді Елнұр Бейсенбаев. Сондай-ақ бүгін «AMANAT» партиясынан Мәжіліске бірмандатты округтер бойынша ұсынылған кандидаттардың құжаттары тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсынылды.