Жаңалықтар

Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 6,2 мыңнан асты

ашық дереккөзі

Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 6,2 мыңнан асты

Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 6234-ке жетті, 37 011 адам жарақат алды деп хабарлады turkystan.kz. Анадолу агенттігінің мәліметінше, Түркияның 10 провинциясында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кетсек, Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.