Алматы облысында 8 көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
Алматы облысында 8 көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz мәліметі бойынша, оқиға 7 ақпан күні Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының маңында Алматы-Бішкек автожолының 82-шақырымында 8 автокөліктің қатысуымен болған.
Апат салдарынан Mercedes жеңіл көлігінің 34 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ұзынағаш ауылының ауруханасына 1958, 1978 және 1984 жылғы үш адам жеткізілді, олардың екеуі – автобус жолаушысы.
Аталған дерекке қатысты Жамбыл ауданы ПБ-да ҚР ҚК-ның 345-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.