Жаңалықтар

Головкиннің әлем чемпионы атағынан бас тартқаны рас па?

ашық дереккөзі

Головкиннің әлем чемпионы атағынан бас тартқаны рас па?

Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) IBF белбеуінен бас тартты. Бұл туралы бразилиялық журналист Уилсон Балдини хабарлады деп жазды turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. "GGG IBF титулынан бас тартты. Бұл қалай, Фалькао?" деп жазды Уилсон желідегі парақшасында.

GGG abdicou do título da IBF. Como fica @esquivafalcao ?

— Wilson Baldini Jr (@baldoboxe) February 7, 2023 Айта кетейік, бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 KO) Головкиннің IBF жүйесі бойынша міндетті қарсыласы еді. Алайда IBF (Халықаралық бокс федерациясы) әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасамады. Егер Головкин бұл чемпиондық белбеуді шынымен босатса, Фалькаоға ол титул үшін басқа боксшымен айқасу керек болады.