Жаңалықтар

Абай облысында 158 депутат сайланады

Абай облысында 158 депутат сайланады

Абай облысында мәслихаттарға 158 депутат сайланады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Абай облысынан Парламент Мәжілісіне – 1, облыстық мәслихатқа – 30 (15 – бірмандаттық, 15 – партиялық тізім бойынша) сайланады. Ал қалалық мәслихатқа – 34, аудандық мәслихатқа 94 депутат сайланбақ. Олардың барлығы – бірмандаттық. Қазіргі уақытта мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну жалғасуда», - деді Абай облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Наталья Фесенко. Кандидаттарды ұсыну 8 ақпан күні сағат 18.00-де аяқталады. Депутаттыққа үміткер тізімінде кімдердің бар екендігі сол уақыттан кейін белгілі болмақ. Әзірге кандидат ретінде ұсынылғандар бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.