Абай облысында 158 депутат сайланады

Абай облысында 158 депутат сайланады

Абай облысында 158 депутат сайланады
ашық дереккөзі
Абай облысында мәслихаттарға 158 депутат сайланады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Абай облысынан Парламент Мәжілісіне – 1, облыстық мәслихатқа – 30 (15 – бірмандаттық, 15 – партиялық тізім бойынша) сайланады. Ал қалалық мәслихатқа – 34, аудандық мәслихатқа 94 депутат сайланбақ. Олардың барлығы – бірмандаттық. Қазіргі уақытта мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну жалғасуда», - деді Абай облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Наталья Фесенко. Кандидаттарды ұсыну 8 ақпан күні сағат 18.00-де аяқталады. Депутаттыққа үміткер тізімінде кімдердің бар екендігі сол уақыттан кейін белгілі болмақ. Әзірге кандидат ретінде ұсынылғандар бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.