Оңтүстік Корея Түркияға көмек ретінде 5 миллион доллар жібереді

Оңтүстік Корея Түркияға көмек ретінде 5 миллион доллар жібереді

Оңтүстік Корея Түркияға көмек ретінде 5 миллион доллар жібереді
ашық дереккөзі
Оңтүстік Корея Түркияға гуманитарлық көмек ретінде 5 миллион доллар ұсынуды, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен кейін 110-ға жуық адамды іздеу-құтқару жұмыстарына жіберуді жоспарлап отыр деп хабарлады turkystan.kz Йонхап агенттігіне сілтеме жасап. Сейсенбі күні Сеул Сыртқы істер министрлігі Түркияға медициналық заттарды әскери-көлік ұшақтарымен жеткізетінін растады. Министрліктің хабарлауынша, топқа Кореяның табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету ұйымының 60-тан астам мүшесі және 50 әскери қызметкері кіреді. Шешім елдің оңтүстігінде, сондай-ақ Сирияда болған жер сілкінісінің салдарын жоюда Түркияға көмектесу мақсатында өткен ведомствоаралық отырыста қабылданды. Сол күні президент Юн Сок Ёл Оңтүстік Корея үкіметіне Түркияға жедел түрде құтқарушылар мен медициналық заттар жіберуді бұйырды. Корея тарапы Түркияның Оңтүстік Кореядағы елшісі Мұрат Тамермен де келіссөздер жүргізіп, Анкараға белсенді қолдау көрсетуге уәде берді. Кореяның ресми ақпарат көздерінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағына жақын орналасқан Хатай провинциясына барған Оңтүстік Корея азаматын іздеу жұмыстары әлі жалғасуда.