Атырауда бір күнде 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Атырауда бір күнде 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Атырауда бір күнде 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді
ашық дереккөзі
Атырау қаласында ауа райының қолайсыздығынан бір күнде 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 2 адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 7 ақпанда Атырау қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері күшейтілген режим қызметіне көшірілген. «Жол-көлік оқиғасына қардың көп жауғаны, ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр. Атырау қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 7 ақпан күні таңғы сағат 7:30-дан кешкі сағат 19:30 аралығында істен шыққан бағдаршамдар орналасқан 24 көшенің қиылысында патрульдік жол қозғалысын реттеді. Қардың көптігінен жолда жүре алмай қалған және көлігі істен шыққан 80-нен астам жүргізушіге көмек көрсетілді. Ауа райының қолайсыздығынан бұл күні Атырау қаласында 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Зардап шеккен 2 адам жедел-жәрдем көмегімен ауруханаға жеткізілді», - дейді патрульдік полиция батальонының командирі, полиция капитаны Дәурен Нәсиполла.